Алматы энергетика және байланыс университетінің президенті, физика ғылымдарының докторы, профессор Гита Ревалде «KUTEL» жобасы туралы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІІ Орталық Азия халықаралық форумында «Университеттердің автономиясы мен сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйелері» атты баяндамасында айтты.
2019 жылы 4-5 қазанда Түркістанда аккредиттеу және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттік (АРТА) «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша III Орталық Азия халықаралық форумы» өтті.
Форум жоғары білім сапасын қамтамасыз етуге арналды. Форумға Белоруссия, Чехия, Өзбекстан, Латвия, Ресей және т.б. елдердің сарапшылары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Профессор Гита Ревалде өзінің баяндамасында KUTEL жобасының мақсаты мен алғашқы нәтижелері– «Қазақстан университеттері жаңа технологияларды пайдалана отырып білім беру сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіру бойынша» туралы айтып өтті. Жоба аясында университеттер мен мүдделі тараптардың 100-ге жуық өкілдері сұралды. Нәтижесінде университеттерде сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің жұмыс істеу кемшіліктері анықталды және білім беру жүйесіндегі өзгерістер қажеттілігі көрсетілді. Сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстар талқыланды.
Профессор Гита Ревалде «Білім беру сапасын арттыру және ғылымды коммерцияландыру: сандық трансформацияның үрдістері мен трендтері» атты пленарлық сессияға қатысты, онда АРТА өкілдерімен бірге жобаның алғашқы нәтижелері талқыланды.